Қазақстандағы шағын және орта бизнестің 30 пайызы Алматыда жұмыс жасайды - А.Есімов

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда шағын және орта бизнес бюджет түсімдерінің 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Бәсекелестік туралы» бірыңғай экономикалық кеңістіктегі модельдік заң жобасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

«Қазіргі таңда Алматыда бәсекелестіктің жоғары болуына байланысты кәсіпкерліктің монополиялануының барынша төмен деңгейі қалыптасып отыр. Осыған байланысты еліміздегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 30 пайызы Алматыға тәуелді. Онда қала тұрғындарының еңбекке қабілетті әрбір үшінші тұрғыны жұмыс жасайды. Бұл - 365 мың адам», - деді А.Есімов.

Шаһар басшысының айтуынша, соңғы 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны 42 пайызға өсті.

Жалпы Алматыда ел халқының 10 пайызы тұрады. Қала жалпы ішкі өнімнің 18 пайызын қамтамасыз етіп, мемлекет бюджетіне кірістің 25 пайызын құяды.

Соңғы жаңалықтар