Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі қаралы күнге байланысты туын түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэролин Браун жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Қазақстанның Туы сияқты, Елшілік ғимаратындағы Ұлыбритания елінің туы да төмен түсетінін хабарлады.

«Қазақстанның батысында, Ақтөбе қаласында 5 маусым күні орын алған қатыгездіктен бәріміз есеңгіреп қалдық. Біздер Ұлыбританияда осындай оқиғалардың қандай дағдарысқа әкелетінін білеміз. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасылары үшін дұға етеміз»,-деген К. Браун Елшіліктің Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

«Мен және елшіліктегі әріптестерім жалпыұлттық аза тұту күнінде қазақстандық достарымызбен бірге қайғырып отырмыз. Біздің ту да бүгін төмен түсірілді...»-деп хабарлаған Елші.

Айта кетерлігі, Қазақстан халқына деген зор құрметінің белгісі ретінде Елші Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизаветаның 90 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған мерекені басқа күнге ауыстырған. «Қазақстан қара жамылып жатқанда, думандатып жатпаймыз»,-деген Елші өз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, К.Браун «осындай қауіпті сәттерде бірігіп, бүлікшілер жеңе алмайтынын» дәлелдеуге шақырып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram