Қазақстандағы жалғыз ақ аю 27 жасын атап өтуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында Алькор аталатын ақ аю 27-ге келді. Бұл Қазақстандағы жалғыз ақ аю, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

null
Зообақта қызметкерлер оны еркелетіп Коля деп атайды.  Ол 1989 жылы Калининград хайуанаттар бағында дүниеге келген. 1990 жылы Алматыға әкелінді. Оның Кристина атты аналығы болған, ол да 30 жыл өмір сүрді. «Зообақтарда ақ аюлардың өмір сүруі орташа 20-25 жасты құрайды. Табиғатта ең ірі жыртқыштардың өмір сүру ұзақтығының қанша екенін ешкім білмейді, ал Винипегск зообағында ақ аю аналығы 42 жыл өмір сүрген.

Бұл жерде климаттық жағдайды ескеру қажет. Әрине, Орталық Азия үшін бұл көрсеткіш өте жақсы», деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметінде.

7 желтоқсанда болатын туған күнді мерекелеуге Медеу ауданы мектебінің оқушылары шақырылды. Бұл күні зообақ қызметкерлері Алькорға балықтан жасалған мұзды торт әзірлейді. Туған күнді атап өтуге қала тұрғындары мен қонақтары да шақырылады.

null null  

Соңғы жаңалықтар