Қазақстанды жақсы көремін — Макрон Silk Way телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді
НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Франция президентімен кездесу өткізді. Кездесу аяқталған соң Эмманюэль Макрон Silk Way телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді.

– Кездесу әдеттегідей өте жоғары деңгейде өтті. Мен Қазақстанды жақсы көремін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев – менің жақын досым. Біз өңірдегі ахуалды, негізгі сын-қатерлерді және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты талқыладық. Бұл шынымен тамаша кездесу болды, - деді Франция президенті.
Сұхбаттың толық нұсқасын жуырда Silk Way телеарнасындағы «Reporter with President» бағдарламасынан көре аласыз.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Франция президенті Эмманюэль Макрон Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында сөз сөйлеп, өз елінің Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын жариялады.