Қазақстандық алып күш иесі үш әлемдік рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM —  Қазақстандық алып күш иесі Миланда Guinness Records кітабы бойынша үш әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Спорт комитеті хабарлады. 

Қазақстандық алып күш иесі үш әлемдік рекорд орнатты
Фото: Видеодан алынған скрин

Сергей Цирюльников Миланда (Италия) Guinness World Records өкілдері тіркеген үш әлемдік рекордты бірден жаңартты.

Спортшы қол жеткізген жеңістерін Қазақстан халқына арнайтынын айтты.

— Бұл тек физикалық күш емес. Бұл — ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы, — деп атап өтті.

Алып күш иесі 57 секундтың ішінде өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.

Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді. 

Еске салсақ елордада бір мезетте 25 келіннің беташар рәсімі өткен еді. Салтанат сарайында өткен тарихи оқиға КИнЭС рекордтар кітабына енгізілген еді

Соңғы жаңалықтар