Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді

АСТАНА. KAZINFORM —  XXXIV Халықаралық «Витебск-2025» эстрадалық ән орындаушылары байқауында Гран-при жүлдесі қазақстандық Алмагүл Батталиеваға бұйырды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Казахстанка выиграла Гран-при фестиваля «Славянский базар-2025»
Фото: БЕЛТА

Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық фестивалінің жас орындаушыларға арналған беделді байқауында қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева жеңіске жетіп, Гран-при иегері атанды. Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша ол 137 ұпай жинады. Финалда әнші жүрек тебірентерлік «Вечность» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Kazakh Almagul Battaliyeva wins 2025 Slavianski Bazaar grand prix
Фото: БЕЛТА

Бірінші орын беларусиялық Валерия Бернатовичке бұйырса, екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Ал үшінші орынды ресейлік Эрик Ахметов пен қырғызстандық Рыскелді Сарбеков иеленді.

Айта кетейік, өткен жылы осы байқауда Ерназар Жұбан бірінші орынды жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар