Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бүгін қазақстандық Сергей Петрович 89 келі салмақта сынға түсті.

Азия чемпионаты
Фото: Спорт комитеті

Өкінішке қарай отандасымыз үздіктер қатарына іліге алмады. Ол жұлқа көтеруде 156 келіні бағындырса, серпе көтеруде 183 келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысында 339 келі көрсеткішпен 9-орынға табан тіреді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 

Ерлер. 89 кг

1-орын – Иран - Али Алипур 363 кг (163+200)

2-орын – Өзбекстан - Сарварбек Зафаржонов кг (167+195)

3-орын - Қырғызстан - Эмил Молдодосов кг (162+190)

9-орын – Қазақстан - Сергей Петрович 339 кг (156+183)

Бүгін 96 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына тағы бір зілтеміршіміз Кирил Староверкин шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында екі отандасымыз 2 күміс жүлде жеңіп алған болатын. Оның бірін 67 келіге дейінгі салмақта Сайрамкез Ақмолда жеңіп алса, екіншісін 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров қанжығасына байлады. 

Соңғы жаңалықтар