Қазақстандық ауыр атлет Вячеслав Ершов қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Кеше қазақстандық спортшы, ауыр атлет Вячеслав Ершов өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

ауыр атлет
Фото: wf_rk инстаграм парақшасынан

«2024 жылғы 29 қаңтарда Вячеслав Ершов өмірден өтті. Ол 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының қатысушысы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болды. Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Вячеславтың жақындары мен туыстарына көңіл айтады, қайғыға ортақпыз», - деп жазды федерация өкілдері. 

Қайғылы хабарды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Kazinform тілшісіне ұялы телефон арқылы растады.

Еске сала кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер Вячеслав Ершов пен Майя Манеза отбасын құрған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz Weightlifting Federation (@wf_rk)

Соңғы жаңалықтар