Қазақстандық балуан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Бішкек
Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов қола медаль жеңіп алды.

77 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған отандасымыз қола медаль үшін белдесуде Иран балуанын 4:3 есебімен тізе бүктіріп, ел қоржынына бүгінгі екінші жүлдені сыйлады.
Осыған дейін грек-рим күресінен 63 келі салмақта бақ сынаған Ержет Жарылқасын Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Айта кетсек, Магомадов турнир барысында әлем чемпионы, қырғызстандық Ақжол Махмұдовқа есе жіберген болатын. 

Естеріңізге сала кетсек осыған дейін Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер құрамасы жарысты төрт қола медальмен аяқтаса, еркін күрес шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпы есепте 4-орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар