Қазақстандық балуан қыздар әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Загребте (Хорватия) күрес түрлерінен әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталды.

Жәмилә Бақбергенова
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, 17 қыркүйекте әйелдер арасында қалған төрт салмақ дәрежесі бойынша жарыс басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық қыздардың ешқайсысы алғашқы белдесулерінде жеңіске жете алған жоқ.

53 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова оңтүстіккореялық Пак Соенге жол берді.

62 келіде Тыныс Дүбек польшалық Алисья Новосадтан жеңілді.

68 келіде Бейбіт Сейдуәлі тағы бір оңтүстіккореялық Пак Хененнен ұтылды.

Ал 72 келідегі Жәмилә Бақбергенова қырғызстандық Нурзат Нуртаеваға есе жіберді.

Айта кетейік, еркін күрестен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы екі медальмен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар