01:22, 04 Қараша 2025 | GMT +5
Қазақстандық балуандар Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Алты қазақстандық балуан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел намысын қорғайды.
Жарыс ресми түрде 7 қарашада басталады.
Еркін күрестен ерлер арасында 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов, 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан сынға түседі.
Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта Ислам Евлоев бозкілемге шығады.
Әйелдер күресінен Зейнеп Баянова (53 келіге дейін), Ирина Казюлина (68 келіге дейін) және Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) бақ сынайды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Бангкок қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жібек Құлымбетова топ жарғанын жазған едік.