Қазақстандық балуандар күрес түрлерінен Албаниядағы турнирде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан құрамасы күрес түрлерінен Muhamet Malo рейтингілік турниріне қатысады.

Қазақстандық балуандар күрес түрлерінен Албаниядағы турнирде бақ сынайды
Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Бұл жөнінде Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Рейтингілік турнир 25 ақпан мен 1 наурыз күндері аралығында Албания астанасы Тирана қаласында өткізіледі. Бұл - әлемнің үздік балуандары жиналатын беделді рейтингтік доданың бірі.

Дүниежүзілік дода барысында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жалпы саны 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасының сапына 50 балуан енді.

Еркін күрес 

57 келі. Абзал Өкенов, 61 келі. Мейрамбек Қартбай, Мерей Базарбаев, 65 келі. Асылжан Есенгелді, 70 келі. Майс Алиев, 74 келі. Ернұр Нұрғазы, Егор Анчугин, 86 келі. Болат Сақаев, 92 келі. Азамат Дәулетбеков, 97 келі. Нұрдәулет Бекенов, Камиль Куруглиев, Ризабек Айтмұқан, 125 келі. Нұрсұлтан Азов.

Әйелдер күресі

50 келі. Зейнеп Баянова, Марал Тәңірбергенова, 53 келі. Аяжан Маркашева, 55 келі. Шұғыла Өмірбек, Лаура Аламағанбетова, 57 келі. Нилуфар Раймова, 62 келі. Тыныс Дүбек, 65 келі. Айжан Суйдуова, 72 келі. Жәмила Бақберенова, 76 келі. Гүлмарал Еркебаева.
Грек-рим күресі

55 келі. Марлан Мұқашев, Арсен Жұма, 60 келі. Ербол Қамалиев, Искар Құрбаев, Ақжол Тұяқов, 63 келі. Еркебұлан Ардақов, Бақытжан Қабдыл, Ернұр Фидахметов, 67 келі. Ержет Жарылқасын, Мейіржан Шермаханбет, 72 келі. Алматбек Ахметбек, Данияр Қаленов, Николай Халко, 77 келі. Мерей Мәулітханов, Қаһарман Қисыметов, 82 келі. Демеу Жадыраев, Диас Қален, Альмир Төлебаев, 87 келі. Ислам Евлоев, Бауыржан Мусин, Шамиль Ожаев, 97 келі. Юсуф Мациев, Нұрасыл Аманалы, Райымбек Тұрсын, 130 келі. Әлімхан Сыздықов, Олжас Сырлыбай, Джохар Узаров. 

Жарыс бағдарламасы:

25 ақпан. Еркін күрес 57, 61, 65, 70, 74, 86 келі.

26 ақпан. Еркін күрес 79, 92, 97, 125 келі. Әйелдер күресі 50, 55 келі.

27 ақпан. Әйелдер күресі 59, 62, 65, 68 келі. Грек-рим күресі 77, 87 келі.

28 ақпан. Әйелдер күресі. 53, 57, 72, 76 келі. Грек-рим күресі. 63, 67 келі.

1 наурыз. Грек-рим күресі. 55, 60, 72, 82, 97, 130 келі.

Айта кетсек, 2025 жылғы турнирде Қазақстан балуандары 8 медаль жеңіп алған еді: 1 алтын, 1 күміс және 6 қола.

Еске салсақ, Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум