Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшы қыздар 12 салмақта түгел алтын алды

АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның құрамасы барлық салмақта жеңімпаз атанды.

Қазақстандық боксшы қыздар барлық салмақта Азия чемпионы атанды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Жанкелді Ахметов баптайтын құрама 12 салмақта топ жарды. Бұл бәсекеге Азия құрлығындағы Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам секілді 21 елден былғары қолғап шеберлері келді.

Ел құрамасынан:

  1. Айым Таңқыбаева (48 келі)
  2. Сила Биболсынқызы (50 келі)
  3. Рахмина Абдумежитова (52 келі)
  4.  Жанель Имантаева (54 келі)
  5. Ақнұр Тұрсынғали (57 келі)
  6. Толғанай Қасымхан (60 келі)
  7. Алина Құдайгенова (63 келі)
  8. Ақбота Есімбекова (66 келі)
  9. Мария Сидоренко (70 келі)
  10. Зарина Толыбай (75 келі)
  11. Құралай Егінбайқызы (81 келі)
  12. Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары) чемпион атанды.

Енді санаулы сәттен кейін жастар санаты бойынша ұлдар арасында жеңімпаздардың есімі белгілі болады.

Онда аға жаттықтырушы Максат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен 13 салмақтың 11-де қазақстандық боксшылар бас жүлдеге таласып жатыр.

Соңғы жаңалықтар