Қазақстандық боксшылар әлем кубогында 17 маусымда қандай нәтижеге жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында қазақстандық боксшылардың 17 маусымдағы нәтижесі белгілі болды.
Бұл күні ел құрамасының үш боксшы шаршы алаңға шықты. Біреуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, екеуі қарсыластарына есе жіберді.
Жекпе-жектер нәтижесі
70 келі. 1/8 финал.
Абылайхан Жүсіпов — Кайан Рейес (Бразилия) — 5:0.
Әлем чемпионы, 70 келідегі тәжірибелі боксшылардың бірі саналатын Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда өткен Әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасты.
Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай өз бақылауында ұстап, 4:1 есебімен басым түсті.
60 келі. 1/8 финал.
Серік Теміржанов — Салим Еллис Бей (АҚШ) — 0:5.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ-тың жас боксшысы Салим Еллис Беймен жолы түйісті.
Отандасымыздың бұл жекпе-жегінде төрешілер жеңісті бірауыздан қарсыласқа берді.
80 келі. 1/8 финал.
Сабыржан Аққалықов — Жавохир Умматалиев (Өзбекстан, Әлем чемпионы) — 2:3.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда осы салмақтың көшбасшысы Жавохир Умматалиевпен (Өзбекстан) күш байқасты. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен қарсыласқа жеңісті берді.