Қазақстандық боксшылар Литвадағы турнирге қатысады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық боксшылар Литваның Каунас қадасында өтетін Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирге қатысады. Оған әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы жиналады.

Бокс
Фото: pixabay.com

Халықаралық турнир 21-23 наурыз аралығында өтеді. Жарыста ел құрамасы сапында 11 боксшы бар. 

Боксшылардың тізімі төмендегіше:
51 келі: Даниял Сабит;
54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек
57 келі: Асылжан Серікбай
60 келі: Алмат Әбдуәли
63,5 келі: Жандос Қыдыралиев
67 келі: Елнұр Сүйінбай
71 келі: Фарух Тохтасунов
75 келі: Азамат Бектас
80 келі: Тұрсынбай Құлахмет
92 келі: Абзал Құттыбеков
92 келіден жоғары: Аманат Сабырғали.

Боксшыларды жарысқа Жәміл Жүсіп, Бағдат Оңғарбеков, Закир Сафиуллин дайындады.
А́льгирдас Шо́цикас 1953, 1955 жылдары екі дүркін Еуропа чемпионы атанған. Одан басқа көптеген жарыста жеңіс тұғырынан көрінді.

1957 жылдан бастап бапкерлікпен айналысып, тәжірибелі боксшыларға дайындауға атсалысты.
Сондай-ақ, Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін бокстан халықаралық турнирге баратын ел құрамасы белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар