Қазақстандық бүркітшілер Моңғолияда жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM - Моңғолия Республикасының Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі Дүниежүзілік «Бүркітшілер тойы» аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Беркутчи из Казахстана занял второе место на чемпионате Азии
Фото: Абай облысының әкімдігі

Байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының құсбегілік спортынан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

36 жылдық тарихы бар халықаралық дода Моңғолияның мәдени брендіне айналған. Ол жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған турист пен бүркітші қатысатын ерекше мереке. Қазақ құсбегілерін бұл жарысқа мемлекеттік жаттықтырушылар Арманбек пен Базарбек Күнтуған бастап барды.

Беркутчи из Казахстана занял второе место на чемпионате Азии
Фото: Абай облысының әкімдігі

Жалпы чемпионатқа 60-тан астам құсбегі қатысып, «қолға шақыру» және «шырға тарту» сайыстары бойынша сынға түсті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған Абай облысының бүркітшісі Тәттімбет Кәпұлы «Қарагер» атты қыран құсымен жүлделі үшінші орынды, ал атыраулық құсбегі Арман Қошқаров «Аңырақай» атты бүркітімен екінші орынды иеленіп, ел абыройын асқақтатты.

Осыған дейін Шығыс Қазақстанда халықаралық бүркітшілер фестивалі өтетіні туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар