Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 22 медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM - Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті. 

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 22 медаль алды
Фото: Kazakhstan Judo Team

Жарыстың екінші күнінде қазақстандық балуандар 2 алтын және 3 қола жүлде жеңіп алды. Ел құрамасынан Тоқтар Батырхан (90 келі) мен Мырзатай Қыдырбай (73 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Дәулеткерей Сефил (73 келі), Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) және Ердәулет Жұмабай (90 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетсек, аталған турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 17 медаль еншілеген еді. Оның — 5-еуі алтын, 3-еуі күміс, 9-ы қола медаль.

Осылайша қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында барлығы 22 медаль олжалап қайтты. 

Бұған дейін Әбиба Әбужақынованың әлемдік Гран-при жарысының финалына шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар