Қазақстандық екі спортшы көшпенділер ойынында қола жүлде жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мас-рестлингтен ұлттық құрамасы спортшылары Бірімжан Асылмұрат және Тахмина Қожамбердиева V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдесін қанжығалады.

спорт
Фото: Джакишева Ралина/Kazinform

Алау спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеде, Бірімжан Асылмұрат (65 келі) монголиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен қола жүлдеге таласып, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. 

медаль
Фото: Джакишева Ралина/Kazinform

Ал әйелдер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Тахмина Қожамбердиева үшінші орынға таласта Мажарстаннан келген қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді. 

медаль
Фото: Джакишева Ралина/Kazinform

Айта кетейік, Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарысқа 31 мемлекеттен 98 спортшы қатысып жатыр. Аталған спорт түріне Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 8 спортшы сынға түседі. 

медаль
Фото: Джакишева Ралина/Kazinform