Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық екі жеңіл атлет жастар арасында Азия чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр

Қазақстандық екі жеңіл атлет жастар арасында Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: Asian Athletics

Бүгін, 10 шілдеде Мария Шувалова 400 метрге жүгіруде 53,05 секунд уақыт нәтижесімен үшінші орын алып, ақтық сынға өтті.

Сондай-ақ дәл осы дисциплинада Анна Шумило 54,60 секунд уақыт көрсеткішімен жетінші орынға тұрақтап, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұл дисциплина бойынша финалдық кезең 11 шілдеде өтеді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.

Ал оның алдында қазақстандық спортшылардың жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күніндегі нәтижесі туралы жазғанбыз.