Қазақстандық еркін күрес шеберлері Түркиядағы турнирде бес медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы еркін күрестен Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Түркиядағы турнирде бес медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, біздің құрама жарысты бес медальмен аяқтады.

Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) пен Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) көтерілді.

Сонымен қатар команда қоржынына үш күміс медаль түсті. Начын Куулар (70 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) екінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан командалық есепте Түркияға есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Үшінші орын Болгарияға бұйырды.

Айта кетейік, қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов жастарға үндеу жасады.

Соңғы жаңалықтар