Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі.

Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.

Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды.

Ал Полат Төребеков 3 400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Еске салайық, бұған дейін Анна Черкашина жеңіл атлетикадан Қазақстан рекордын жаңартқанын жазғанбыз.