Қазақстандық Ева Корышева Аустралиядағы жарыстың финалисі атанды

МЕЛЬБУРН. KAZINFORM — Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған «Мельбурн парк» корттарында Asla-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті.

ева корышева
Фото: ktf.kz

Қазақстандық, 14 жасар Ева Қорышева беделді жарыста табысты өнер көрсетті.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі тек финалда ғана тартысты матчта корт иесі Эмили Ченге есе жіберді — 6:2, 4:6, 4:6.

Кеше жаңбырға байланысты барлық матчтар кейінге қалдырылғандықтан, қазақстандық спрртшыға бүгін жартылай финалды бітіріп, соңғы бәсекеге шығуына тура келді.

Ева Павел Цойдың қарамағында жаттығады. Өткен жылы 24 кездесудің 19-ында (83 пайыз) жеңіске жетіп, рекордтық нәтиже көрсеткен.

Жылды Tennis Europe рейтингісінде 18-орынмен аяқтаған еді.

Сондай-ақ ол Еуропа теннис қауымдастығының «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» (Еуропа одағына кірмейтін елдерден) сыйлығын алған-ды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Ева Корышеваның Аустралиядағы жарыстың жартылай финалында ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аустралия ашық чемпионатында әйелдер арасында финалға шыққан теннисшілер анықталды.

Соңғы жаңалықтар