Қазақстандық фристайлшылар Швециядағы әлем кубогінде өнер көрсетті

Швецияның Идре қаласында фристайл могулдан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлем кубогі
Фото: Olympic.kz

Әйелдер арасындағы сында Анастасия Городко мен Аяулым Әміренова финалға шыққанымен, суперфиналға өте алмады. 

Городко 9-орын алса, Әміренова 15-сатыдан көрінді. 

Ал ерлеріміз іріктеуден өте алмады. Павел Колмаков 32, Антон Бондарев 41-орынға тұрақтады.

Команда үздігі Юля Галышева жарақатына байланысты биылғы маусымдағы санаулы турнирлерге ғана қатысады. 

Соңғы жаңалықтар