Қазақстандық футбол клубтарының еурокубок ойындарындағы қарымта кездесуі қашан басталады

АСТАНА. KAZINFORM — UEFA еурокубок ойындарындағы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесу ойындарының уақытын белгіледі. Онда еліміздің атынан «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Ордабасы» бақ сынайды.

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубок ойындарындағы қарымта кездесуі қашан басталады
Фото: Global Look Press

Алдымен 15 шілдеде Алматыда Чемпиондар лигасында жергілікті «Қайрат» өз алаңында Словенияның «Олимпиясын» қабылдайды. Ойын қазақстандық уақытпен 20:00–де басталады.

Ал 17 шілдеде «Ақтөбе» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легиясымен» шеберлік байқасады. Кездесу Ақтөбеде 21:00–де басталады. Дәл сол уақытта Шымкентте Конференция лигасында жергілікті «Ордабасы» грузиялық «Торпедо» клубымен ойнайды.

Еске салсақ, бірінші кездесуінде «Қайрат» «Олимпиямен» (1:1) тең түссе, «Ақтөбе» «Легияға» (0:1), «Ордабасы» «Торпедоға» (3:4) есе жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар