18:17, 22 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Асхат Тағыберген 2023 жылғы әлемнің ең үздік голының авторы атағына үміткер
Шымкенттің «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Ференц Пушкаш атындағы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) сыйлығының «Жылдың үздік голы» номинациясына енді. ҚазАқпарат бұл туралы ұйымның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Асхат Тағыберген бұл голды (3:2) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында 23 наурыз күні өткен Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы кездесуде соқты.
Жүлдеге үміткерлер қатарында, сондай-ақ келесі футболшылар бар:
- аргентиналық Альваро Барреаль («Цинциннати»),
- колумбиялық Линда Кайседо («Реал»),
- парагвайлық Хулио Энсисо («Брайтон»),
- оңтүстіккореялық Кан Сон Джин («Сеул»),
- австралиялық Сэм Керр («Челси»),
- уругвайлық Брайан Лосано («Пеньяроль»),
- бразилиялық Гильерме Мадруга («Ботафого Рибейран- Прету»),
- испандық Иван Моранте («расинг»),
- португалиялық Нуну Сантуш («Спортинг»),
- бразилиялық Беатрис Дзанератто («Палмейрас»).