Қазақстандық футболшы мансабын Түркияда жалғастырады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының футболшысы Лев Скворцов ресми түрде түрік құрамасының сапына қосылды.

Қазақстандық футболшы мансабын Түркияда жалғастырады
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Түркияның «Серикспор» клубы қазақстандық футболшы Лев Скворцовпен бір жылға келісімшартқа отырғанын хабарлады. 

«Серикспор» Түркия чемпионатының екінші дивизионында ойнайды, ол қазіргі уақытта Түркия бірінші лигасының 20 клуб арасында 12-ші орында.

25 жастағы қорғаушы Лев Скворцов бұған дейін «Астана», «Атырау», «Тұран» және «Ақтөбе» командаларында ойнаған. Скворцовтың халықаралық мансабы да жоқ емес. Ол ресейлік «Химки» және «Шинник» клубтарында да өнер көрсеткен.

«Серикспор» Лев Скворцовтың құрметіне орай, инстаграм желісінде футболшының есте қалатын ойын сәттерін, оның ішінде Қазақстан құрамасы мен қазақстандық клубтардағы ойындарынан үзінділерді жинады.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық өскемендік Ислам Чесноков қостанайлық «Тобылмен» келісімшартын аяқтаған соң, өз елінің жоғарғы дивизионында көш бастап келе жатқан Шотландияның «Хартс» командасының ойыншысы атанды.

Айта кетейік, қазақстандық бірқатар футболшылардың құны жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар