Қазақстандық ғалым энергетика саласына арналған жаңа буын қорғаныш жабындарын әзірлеп жатыр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры энергетика саласына арналған жаңа буын қорғаныш жабындарын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті. 

Қазақстандық ғалым энергетика саласына арналған жаңа буын қорғаныш жабындарын әзірлеп жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Профессор Манарбек Қылышқанов металл бөлшектерді жоғары температура мен агрессивті ортадан қорғау мәселесін шешуге бағытталған маңызды жобаны жүзеге асырып жатыр.

Қазақстандық ғалым энергетика саласына арналған жаңа буын қорғаныш жабындарын әзірлеп жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Мемлекеттік грантқа ие болған бұл жоба энергетикалық жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға және жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін берік антикоррозиялық жабындарды жасауға арналған инновациялық технологиялық процесті әзірлеуді көздейді.

— Біз екі заманауи әдісті біріктіретін кешенді технология әзірлеп жатырмыз: газотермиялық бүрку және лазерлік өңдеу. Бұл тәсіл арқылы никель, хром, бор және кремний негізіндегі өздігінен ағып, тығыз жабын түзетін қорытпаларды (Ni-Cr-B-Si) металға жағуға мүмкіндік туады, — дейді Манарбек Қылышқанов. — Осындай материалдар өңдеуден кейін тозуға төзімді, тығыз әрі ыстыққа берік қабат қалыптастырады.

Қазақстандық ғалым энергетика саласына арналған жаңа буын қорғаныш жабындарын әзірлеп жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Энергетикалық машина жасау — ең күрделі және жоғары талап қойылатын салалардың бірі. Мұндағы жабдықтар өте жоғары температура, қысым және химиялық әсер жағдайында жұмыс істейді. Кез келген ақау өндірістің тоқтауына, тіпті апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан металл бөлшектерді арнайы жабындармен қорғау — жай ғана қажеттілік емес, өнеркәсіп үшін маңызды қауіпсіздік шарасы.

Жаңа жабындардың сенімділігін дәлелдеу үшін профессордың командасы халықаралық ASTM стандарттарына сай қатаң сынақтар жүргізеді. Бұл олардың тәжірибеде қолдануға жарамдылығын көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық ғалым энергетика саласына арналған жаңа буын қорғаныш жабындарын әзірлеп жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аталған жоба өзінің ауқымдылығымен де ерекше — ол материалтану, механика, физика және химия сияқты бірнеше ғылыми бағытты біріктіреді. Осындай пәнаралық тәсіл шын мәніндегі инновациялар көбіне туындайтын ғылымның түйісу нүктелерінде тың шешімдер жасауға жол ашады.

Қазақстандық ғалым энергетика саласына арналған жаңа буын қорғаныш жабындарын әзірлеп жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сонымен қатар жоба аясында жас мамандарды даярлау жоспарланған. Университет қазіргі заманғы технологияларды меңгеріп қана қоймай, оларды одан әрі дамыта алатын жаңа буын инженерлер мен зерттеушілерді тәрбиелеуді көздеп отыр. Бұл — отандық өнеркәсіптің болашағына қосылатын қомақты үлес.

Бұған дейін хабарланғандай, елімізде «QAIST» ғылыми-білім беру жобасы әзірленіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар