Қазақстандық ғалымдар 1 грамы 80 млн доллар тұратын өнім шығаратын үдеткіш жасамақшы

АСТАНА. KAZINFORM – «Ядролық физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Саябек Сахиев Сенатта өткен кездесуде Үкіметтен 1 грамы 80 млн доллар тұратын өнім шығаратын өндірісті ұйымдастыруға қолдау сұрады.

атом реакторы
Фото: Александр Павский/Kazinform

- Біздің Ядролық физика институты шығарып отырған «кобальт-57» дейтін радиоизотопты Францияның атақтың Orano компаниясы, Германияның Eckert & Ziegler Isotope Products компаниясы сатып алады. Бұлардың қатарына түріктердің екі команиясы кіргісі келіп отыр. Тағы бір үдеткіш орнатуға инвестор таптық. Енді германий-гелий генераторын, актиний-225 негізінде радиофарм препаратын шығаратын өндірісті айналдырған 3-4 жылдың ішінде ұйымдастыра аламыз. Оның 1 грамы 80 млн доллар тұрады. 

Басқа да экономикамызға пайдасын әкелетін жобалар бар, оларға қажетті 5-10 млн доллар қаржы бөлгізетін тетік заңнамада жоқ, - деді ғалым.

Сондай-ақ, ол институттың АЭС қалдықтарын өңдейтін жобасын Түркия патенттеп алуы мүмкін екенін мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар