14:21, 24 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Қазақстандық гимнастар Мажарстанда өтетін турнирде сынға түседі
АСТАНА. KAZINFORM – 26-28 қыркүйек аралығында Сомбатхей қаласында (Мажарстан) спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі өтеді.

Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл турнирде еліміздің намысын 4 қазақстандық спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, Challenge кубогы кезеңінде Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров және Диас Тойшыбек жүлде үшін сынға түседі.
Айта кетейік, жуырда ғана Парижде (Франция) өткен кезеңде Нариман Құрбанов ат снарядында орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алған еді.