Қазақстандық кәсіпкерлер Bloomberg, Google және Meta кеңсесінде болды

Қазақстандық кәсіпкерлер Bloomberg, Google және Meta кеңсесінде болды
Фото: Рустем Кожыбаев / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Американың қазақстандық мәдени және іскер қауымдастығы (KCBANA) «Парасат» бизнес-клубының мүшелері үшін АҚШ-қа алғашқы бизнес-турын өткізді. Ел бизнесмендері жетекші Google, META және Tesla технологиялық компанияларының тыныс-тіршілігімен танысты. 

31 мамыр мен 11 маусым аралығында қазақстандық бизнесмендер АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастық орнату мақсатында Нью-Йорк, Вашингтон және Калифорнияның Силикон алқабындағы маңызды іскерлік орталықтарды аралау мүмкіндігіне ие болды. 

Қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың өкілдері Дүниежүзілік банк, БҰҰ, ХВҚ, Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Bloomberg, JPMorgan Chase, сондай-ақ жетекші технологиялық компаниялар – Google, META және Tesla сияқты мекемелердегі жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысты. 

«Парасат» бизнес клубы мүшелерінің қатысуымен Вашингтондағы Дүниежүзілік банк ғимаратында АҚШ бизнесі өкілдерінің қатысуымен «Кеңейту көкжиектері: АҚШ-Қазақстан экономикалық ынтымақтастығы болашағы» тақырыбында бірінші бизнес-форум өтті.

Қазақстандық кәсіпкерлер Bloomberg, Google және Meta кеңсесінде болды
Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform

АҚШ-тағы ҚР елшілігінде «Парасат» бизнес клубының өкілдері ҚР АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаевпен және Солтүстік Американың қазақстандық мәдени және іскер қауымдастығының директоры Айнұр Роджерспен жеке кездесу өткізді. Тараптар наурыз айында Алматыда өткен «В5+1» бастамасының табысты дамуының бір бөлігі ретінде АҚШ-тағы қазақстандық бизнестің даму перспективаларына және америкалық нарықты зерттеуге қатысты мәселелерді талқылады.

Астана халықаралық университетінің президенті Серік Ирсалиев отандық оқу орнының АҚШ, Ресей және Қытайдың бірқатар үздік университетімен тығыз әріптестік байланысы бар екенін атап өтті. Астана халықаралық университетінде Гарвард университетінің (АҚШ) үлгісі бойынша тәуелсіз және тұрақты менеджмент жүйесін құру жоспарлануда. Онда бітірушілер бес жылда бір рет басқару органының мүшелерін сайлайды. Ал, ол өз кезегінде Гарвард университетінің президентін тағайындайды. 

– Тек академиялық емес, аналитикалық серіктестер іздеп, университетіміздің докторанттарын аналитикаға дайындау мақсатында бірнеше америкалық аналитикалық орталықты араладық. Осы алаңда жарқын идеялар мен дұрыс шешімдер туындайды деп сенеміз», - деді Серік Ирсалиев.

«QM Meta media agency» негізін қалаушы Абылайхан Камаладин мұндай кездесулерді АҚШ-та өткізуге мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

– Вашингтонда өткен бірнеше күнде мен көп нәрсеге қол жеткізе алатынымызды түсіндім. Қазірдің өзінде ынтымақтастықты бастауға мүмкіндік бар. Елге пайдасы тиер деңгейге өтуге жол ашық, - деп бөлісті Абылайхан Камаладин.

«Парасат» бизнес-клубының бас директоры Диана Достанова «Парасат» бес қалада өкілдік ететінін айтты: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды ​​және Орал. Негізгі миссия – жаңа халықаралық нарықтарға шыға алатын жаңа бизнес элитаны дамыту. 

Диана Достанованың айтуынша, бұл – америкалық экономикамен және компаниялармен танысудың бірінші сапары ғана. Кейін екі ел арасында қуатты сауда және мәдени байланыстар орнатылатынына сенім мол.

Қазақстандық кәсіпкерлер Bloomberg, Google және Meta кеңсесінде болды
Фото: Рустем Кожыбаев / Kazinform

Солтүстік Американың қазақстандық мәдени және іскер қауымдастығының директоры Айнұр Роджерс «KCBANA» коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымы Вашингтонда (Колумбия округі) орналасқанын және қазақстандық бизнесті Біріккен Ұлттар Ұйымында ілгерілету үшін жеке секторда тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытып жатқанын айтты.

– АҚШ іскерлік туры Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты байланысты нығайтудағы маңызды кезең саналады. Біздің міндетіміз – қазақстандық кәсіпкерлерге АҚШ-та білім мен байланыстар беру, инвестициялық мүмкіндіктерді ынталандыру және әртүрлі секторлардағы серіктестікті нығайту», - деді Айнұр Роджерс.

Қауымдастық Қазақстанның АҚШ-тағы имиджін көтеру мақсатында мәдени іс-шаралар өткізеді. Осылайша, 2023 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы күніне арналған бірінші Орталық Азия кинофестивалі аясында қазақ киносының апталығы өтті. 

– Халықаралық фестивальдерде қазақ мәдениетін танытып, Қазақстанның имиджін АҚШ-та насихаттауға тырысамыз. Біз американдықтардың Қазақстанды шығармашылық әлеуеті зор дарынды халықтың бейнесімен байланыстырғанын қалаймыз», - деді Айнұр Роджерс.

Алдағы уақытта бірқатар жоба әлеуметтік салаға – балаларға, жетім балаларға, кәсіпкер әйелдерге және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бағытталған. Атап айтқанда, KCBANA тәжірибе алмасу мақсатында АҚШ пен Қазақстан дәрігерлерімен алмасуды, сондай-ақ америкалық хирургтардың Қазақстанда бірнеше тегін жақ-бет оталарын жасауды жоспарлап отыр. 

Қазақстандық кәсіпкерлер Bloomberg, Google және Meta кеңсесінде болды
Фото: Рустем Кожыбаев / Kazinform

«Парасат» бизнес-клубының өкілі, «Ұлан-ғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жастар қозғалысының жетекшісі, саясаттанушы Уәлихан Бахретдинов бұл сапардан үлкен әсер алғанын атап өтті. Пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін АҚШ-пен экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды қалпына келтіру қажет. Қаржылық мүмкіндіктерден бөлек, қазақстандық бизнесмендер ең дамыған елден мол тәжірибе алды.

– Осы аптада АҚШ-та қазақстандық бизнесмендер ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізетін бірқатар нәтижелі кездесу өткізді. Бизнесмендер В5+1 бастамасын құптайды және оны дер кезінде қолға алынғанын дұрыс деп есептейді. Бұл – екі елдің географиялық тұрғыдан алыстау болғанына қарамастан Орталық Азияны Америка Құрама Штаттарына анағұрлым жақын етеді, - деді Уәлихан Бахретдинов.

Отандасымыздың айтуынша, америкалық бизнес елімізді зерттеп жатыр, ал, Қазақстан ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытып отыр. 

Рустем Кожыбаев/Kazinform
Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының Солтүстік Америкадағы шетелдік өкілі Марат Бірімжан Вашингтонда өткен бизнес-форумда көптеген қазақстандық және америкалық компанияның, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық валюта қорының және басқа да ұйымдардың өкілдері болғанын атап өтті. Соның ішінде USAID бар. 

Оның айтуынша, форум аясында Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. салаларға инвестиция тарту бойынша жобалар талқыланды. 

«Мен қазіргі заманғы жоғары технологиялары бар ірі және орта америкалық компаниялардың біздің нарыққа шығып, Қазақстан экономикасына инвестиция салып, елімізде өндірісті локализациялауын қалаймын», - дейді Марат Бірімжан. 

АҚШ экономикасы мен нарығының үлкендігі сонша, олардың тәжірибесі мен технологиялары Қазақстан экономикасының барлық саласын қызықтыратынын атап өткен жөн. 

Соңғы жаңалықтар