Қазақстандық кәсіпкерлерге лизинг алу несімен тиімді

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржылық лизинг бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуда маңызды рөл атқарып отыр. Оның маңызы туралы толығырақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтып берді.

Қазақстандық кәсіпкерлерге лизинг алу несімен тиімді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Кәсіпкерлерге мүлікті ұзақ мерзімге қосымша кепілсіз пайдалану тетігі ретінде өте ыңғайлы құрал ұсынылады, қамтамасыз ету құралы. Сонымен қатар, бұл құралдың маңыздылығы төлем кестесінің икемділігімен, стандартталған шарттармен ерекшеленеді. Әсіресе, банктік несиеге қол жеткізу кезінде кепіл қою басты талап болып табылатын жағдайда, лизинг аса сұранысқа ие, — деді Мәдина Әбілқасымова елордада лизинг тақырыбына арналған конференцияда. 

Қазақстандық кәсіпкерлерге лизинг алу несімен тиімді
Фото: KazВиктор Федюнин / Kazinform

Оның айтуынша, елімізде қаржылық лизингтің құқықтық базасы 2000 жылы қабылданған қаржылық лизинг туралы заңмен және азаматтық кодекспен реттеледі. 

— Аталған заңдар аясында лизинг шарттарының негізгі параметрлері, тараптардың құқықтары мен міндеттері, лизинг алушының құқығы реттеледі. Бүгінде лизинг алушылар ретінде тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ғана қатыса алады. Конференцияға дайындық аясында біз ұзақ уақыт бойы лизинг нарығының қазіргі даму жай-күйі туралы ақпарат пен статистиканы жинадық. Бұл салаға жауапты уәкілетті орган Ұлттық экономика министрлігі, сонымен қатар Ұлттық статистика бюросы да лизинг нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпарат жинайды. Алайда, қазір лизинг нарығы туралы, қаржы ұйымдарына қатысты орталықтандырылған, толығырақ және тұрақты ақпараттың жеткіліксіз екенін көріп отырмыз. Осыған байланысты біз лизингтік компаниялар мен Ұлттық статистика бюросынан жинаған деректерге сүйенеміз, — дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда лизинг ассоциациясы құрылды

Айта кетейік, бүгін елордада «Қазлизинг — 2025: өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті қаржыландыру көзі ретінде Қазақстанда лизингті дамыту перспективалары» атты алғаш конференциясы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар