Қазақстандық киберспортшы CS2 турнирінің жартылай финалындағы үздік ойыншы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (molodoy) PGL Masters Bucharest 2026 турнирінің жартылай финалында ең жоғары нәтиже көрсетіп, Бразилияның FURIA командасына MOUZ клубын жеңіп, финалға шығуға көмектесті.

Қазақстандық киберспортшы CS2 турнирінің жартылай финалындағы үздік ойыншы атанды
Фото: HLTV

Матч FURIA командасының 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Бразилиялық команда Dust2 картасында 13:6 есебімен басым түсіп, Mirage картасында 9:13 есебімен жеңіліп қалды. Ал шешуші Cache картасында 13:9 есебімен жеңіске жетті.

Голубенко матчқа қатысқан ойыншылар арасында үздік нәтиже көрсетті. Оның еншісінде 56 рет қарсыласын жою және 37 рет қаза табу бар. Қазақстандық ойыншының жеке рейтингі 1,34 болды. FURIA құрамында бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Кайке (KSCERATO) Керато (1,24) тұр. Ал MOUZ командасындағы үздік нәтиже Дориан (xertioN) Берманға тиесілі — 1,05.

Габриэль (FalleN) Толедо бастаған команда қатарынан екінші ірі турнирдің финалына шықты. Бұған дейін FURIA Thunderpick World Championship 2026 турнирінде жеңіске жеткен еді. Сондай-ақ бразилиялық клуб бір жыл бұрын қатарынан төрт турнирде топ жарған.

MOUZ командасы PGL Masters Bucharest 2026 турнирін үшінші-төртінші орындарда аяқтады.

Турнир 24-31 қазан аралығында Бухарестте өтіп жатыр. Жарысқа 16 команда қатысып, жалпы жүлде қоры 1,25 млн долларды сарапқа салады.

Еске салайық, бұған дейін eFootball Mobile-дан ұлттық құрама Еуропаның үздік сегіз командасының қатарына еніп, енді Португалияда өтетін құрлық чемпионатында ел намысын қорғайтынын жазған едік.