Қазақстандық клубтардың еурокубок ойындарында кімдер төреші болады

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан еурокубоктағы қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін ойындарда қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.

Қазақстандық клубтардың еурокубок ойындарында кімдер төреші болады
Фото: Global Look Press

Алдымен UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Олимпия» (Любляна, Словения) кездесуінде бас төреші міндеті италиялық Маттео Маркеттиге жүктелген. Оған отандастары Алессио Берти мен Валерио Коларосси көмектеседі. 

Аталған кездесу 15 шілдеде 20:00–де Алматы қаласындағы Орталық стадионда өткізіледі. 

Ал Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбе» мен «Легия» (Варшава, Польша) ойынында бас төреші міндетін швециялық Гранит Македонци атқарса, оның көмекшілері — Макс-Робин Вильде мен Маркус Клитте (екеуі де — Швеция).

Бұл ойын 17 шілдеде сағат 21:00–де Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионда өтеді деп белгіленген. 

Ал Конференция лигасы бірінші кезеңіндегі «Ордабасы» мен «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) ойынында болгариялық Никола Попов бас төреші болады. Оған отандастары Георгий Тодоров, Георги Дойнов көмектеседі.

Кездесу 17 шілдеде 21:00–де Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда басталады.

Еске салсақ, бірінші кездесуінде «Қайрат» «Олимпиямен» (1:1) тең түссе, «Ақтөбе» «Легияға» (0:1), «Ордабасы» «Торпедоға» (3:4) есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар