Қазақстандық команда ойыншылары футзалдан Бразилия құрамасына шақыртылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық «Семей» клубының екі ойыншысы Габриэль Кандидо мен Педриньо Бразилия футзал құрамасына шақыру алды. Олар Германиямен жолдастық матчқа қатысады.

Двух игроков казахстанского клуба вызвали в сборную Бразилии по футзалу
Фото: «Семей» ФК

Бразилия футбол конфедерациясы жариялаған тізімде алты дүркін әлем чемпиондары құрамында қазақстандық клуб өкілдерінен бөлек Испания мен Португалияның топ клубтары, Ресей чемпионатының жетекші ойыншылары бар.

Бразилия құрамасының тізімі

Қақпашылар: Виллиан («Норильский никель», Ресей), Эспиндола («Хаэн», Испания).

Қорғаушылар: Уэсли («Спортинг», Португалия), Дейвао («Пальма», Испания), Жоао Салла («Хаэн», Испания).

Әмбебап ойыншылар: Пито («Барселона», Испания), Фабиньо, Эрнесто (екеуі де – «Пальма», Испания), Артур («Бенфика», Португалия),

Габриэль Кандидо, Педриньо (екеуі де – «Семей», Қазақстан).

Шабуылшылар: Руфино («Спортинг», Португалия), Чаруто («Пальма», Испания), Игор («Барселона», Испания). Бразилиялық ойыншылар Мюнхенде 9 желтоқсанда Германия құрамасымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, Қазақстан футбол құрамасының жаңа бас бапкері жақын арада тағайындалады.