22:32, 01 Ақпан 2025 | GMT +5
Қазақстандық конькиші Әлем кубогы кезеңінде алтын алды
АСТАНА. KAZINFORM - Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ұлттық олимпадалық комитеті.

Дауранова 1000 метр қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесіп, алтын жүлдеге ие болды. Бұл қашықтықта күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигль, ал қола медальді норвегиялық Инна Накен иеленді.
Қазақстандық Арина Ильященко қола медальға бір қадам жетпей, төртінші орын алса, Алёна Лифатова бесінші нәтиже көрсетті.
Осыған дейін Қазақстан конькишілерінің Канадада әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін алғаны туралы жаздық.