Қазақстандық қос балуан Албаниядағы турнирдің финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік жарыста Ұлттық құраманың 2 палуаны ақтық сынға жолдама алды.

Қазақстандық қос балуан Албаниядағы турнирдің финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасында Зейнеп Баянова (50 келі) іріктеуде АҚШ, Жапония және жартылай финалда Үндістан спортшысын жеңді. Отандасымыз ертең финалда тағы бір үндістандық Прианши Праджапатпен шеберлік байқасады.

Ал Лаура Алмағанбетова (55 келі) алғашқы белдесуде Үндістан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түсіп, ақтық сынға өтті. Оның шешуші айқастағы қарсыласы Лилия Маланчук (Украина) болады.

Сондай-ақ ертең кешке еркін күрестен Камиль Куруглиев (92 келі) пен Ризабек Айтмұхан (97 келі) қола медаль үшін бақ сынайды.

Ал Болат Сақаев (86 келі) Албаниядағы турнирде қола жүлдегер атанды.

Жарыс 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан бұл додада күрестің барлық түрінен сынға түседі.

Айта кетсек, әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгі ел чемпиондары анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум