Қазақстандық креативті жобаларға 1,2 млрд теңге инвестиция тарту жөнінде келісім жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры THE PITCH инвестициялық бағдарламасын өткізді.

жобалар
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бағдарламаға 70 шығармашылық топ мен 83 инвестор, соның ішінде Түркия, Корея Республикасы және Сингапур өкілдері қатысты.

Қазақстандық кәсіпкерлер кино, анимация, музыка, театр, сән, дизайн, баспа ісі, білім және цифрлық технологиялар саласындағы жобаларын таныстырды. Жобаларды таныстыру және инвесторлармен жеке кездесулер өткізу нәтижесінде отандық креативті жобаларды қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 2,69 млн АҚШ долларын (шамамен 1,2 млрд теңге) құрайтын 20 алдын ала келісім жасалды.

Алдағы уақытта қор тараптар арасындағы келіссөздерді жалғастыруға, инвестициялық келісімдер жасасуға, отандық жобалардың ауқымын кеңейтуге және халықаралық нарыққа шығуына қолдау көрсетуге басымдық бермек.

Қазақстанда инвестициялық қорлардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін екенін жазған едік.