Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Таиландтағы Гран-при кезеңінде өнер көрсетеді

АСТАНА.KAZINFORM - Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) Таиландтың Бангкок қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысушылар тізімін жариялады.

а
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс 3-5 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасы сапында мына мәнерлеп сырғанаушылар өнер көрсетеді:

- Мария Сосновская

- Ералы Шахимурат

- Сафия Абаева (қосалқы)

- Артур Смагулов (қосалқы)

- Никита Козлов (қосалқы)

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Гран-при 20 тамызда Қытайдың Сиань қаласында өтетін кезеңнен басталады.

Балуан Қазыбек Қалмағамбетов Словакиядағы әлем чемпионатының финалына шыққанын жазған едік.