Қазақстандық Мария Агапова UFC-ден шеттетілді
АСТАНА. KAZINFORM — UFC-дегі алғашқы қазақстандық Мария Агапова бұдан былай лигада өнер көрсетпейді, ол UFC ростерінен шығарылды. Ен ол бокс рингіндегі жекпе-жегін жалғастыруға ниетті.
Қазақстандық Мария Агапова мен Сергей Морозов бұдан былай UFC-де өнер көрсетпейді.
«UFC-ге айтар алғысым шексіз. UFC-де жекпе-жек өткізу үлкен қуаныш болды. Бонустар ұтып алған сәттерім өмірімдегі ең жақсы сәттер болды. Мен күресуді жалғастырамын және бұл сезімді тағы да бастан өткеремін деп үміттенемін. Менеджерлеріме атқарылған жұмыстар үшін рақмет», - деді бүгін Мария Агапова.
Мария соңғы жекпе-жегін 13 шілдеде өткізді. Денверде ол Луана Сантосқа қарсы шықты. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, бразилиялықтың тұншықтыру әдісімен жеңуімен аяқталды. Агапова қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады.