21:45, 11 Маусым 2024 | GMT +5
Қазақстандық мергендер Финляндияда 7 медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Нысана көздеуден Қазақстан командасы Финляндияның Инкоо қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде 7 медаль жеңіп алды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, спортшылар жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже тіркеді.
Олар:
– Зухра Ирназарова – алтын мен күміс
– Фатима Ирназарова – күміс пен қола
– Александра Садуақасова – алтын мен қола
– Асадбек Нәзірқұлов - алтын.
Еске сала кетейік, бұған дейін садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Антальядағы іріктеу турниріне қатысатынын хабарлаған едік.