Қазақстандық оқушы Yandex Cup'23 «Алгоритм» секциясының жүлдегері атанды

Спорттық бағдарламалау бойынша әлемдік жарыста алғаш рет қазақстандық оқушы Yandex Cup'23 «Алгоритм» секциясының жүлдегері атанды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телеграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Kazinform.

жүлдегер атанды
Фото: telegram.org/k/@bagdat_mussin_official

«2-3 желтоқсанда Алматы қаласында Yandex Cup'23 финалы мен үздік қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Ең мықты спорттық бағдарламашылардың бірі Батыр Сардарбеков бұл жарыста өз орнын лайықты түрде жеңіп алды:

1-орын — Sun Kevin 43 б

2-орын — Hosaka Yui 42 б

3-орын — He Andrew 40 б

4-орын — Сардарбеков Батыр 35 б (3 сағ 41 мин)

5-орын — Takahashi Ryo 35 б (3 сағ 57 мин). 

Батырды осы керемет жетістігімен құттықтаймын және ICPC финалында сәттілік тілеймін!», - деп жазды Бағдат Мусин. 

Айта кетейік, Қазақстандағы спорттық бағдарламалау саласы күн өткен сайын өте мықты нәтижелер көрсетіп жатыр. 2024 жылы Астанада ICPC спорттық бағдарламалау бойынша жарыстың финалы өтеді. 

Соңғы жаңалықтар