Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында ең үздік атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) мәресіне жетті.

Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында ең үздік атанды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар:

Ануар Ағыбаев – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;

Александр Олейников – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;

Жәңгір Булат – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы;

Батырхан Бейғанов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы;

Нұртай Мәлік – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Мирас Кеңесбек – Қарағанды облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Құраманың жетекшілері: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Сергей Полянских және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Перизат Саутбекова.

Бұған дейін жасанды интеллект саласында 25 білім беру бағдарламасы әзірленгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар