Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бес медальмен толықты. 

Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды
Фото: ҚР Оқу-ағарут министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған додада Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Динмухамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды. 

Қазақстан командасының құрамы:

Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы; 

Амирлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;

Жан Даутов – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Владимир Роговский – Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы.

Айта кетейік, IMO математикадан Халықаралық олимпиада әлемдік топ-7 олимпиадалардың (IPHO, IBO, IOI, IChO, IGeO IOL) қатарына кіреді. 

Соңғы жаңалықтар