Қазақстандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алу көлемі қаншаға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның іске асу нәтижелері туралы Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлімдеді.

госзакупки
Фото: Сanva

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері толықтай автоматтандырылған. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында шамамен 18 мың тапсырыс беруші және 120 мыңға жуық өнім беруші тіркелген.

– 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір көзден сатып алулардың үлесі жалпы сатып алу көлемінің 24 пайызына жетіп отыр. Жыл ішінде мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі 9,6 трлн теңгеге жетті. Тіркелген шарттардың көлемі 8,1 трлн теңге болды, барлығы 1 млн 644 мың шарт жасалды. Оның ішінде отандық өнім берушілермен 456 млрд теңгеге 167 мың шарт түзілді, – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол өз сөзінде, 2025 жылы тіркелген шағымдар саны 22 561-ді құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға төмен деді.

Айта кетейік, артық шығындарды азайту үшін мемлекеттік сатып алу ережелері өзгертілді.

Соңғы жаңалықтар