Қазақстандық отбасы Газа секторынан эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен және Иордания мен Израильдегі Қазақстан елшіліктерінің көмегімен Газа секторынан еліміздің алты азаматы эвакуацияланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Kazakhstani nationals evacuated from Gaza Strip
Фото: СІМ

Отандастарымыз шекаралық өткізу бекеттері арқылы өтіп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді. Кейін олар Қазақстанға оралды.

СІМ мәліметінше, бұл операция Иордания билігімен сындарлы өзара іс-қимылдың нәтижесінде жүзеге асты және шетелдегі азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау – министрліктің басым бағыттарының бірі екендігін көрсетеді.

- ҚР-ның Амман мен Тель-Авивтегі дипломатиялық өкілдіктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылап, Газа секторы мен Палестинада жүрген азаматтармен тұрақты байланыс орнатып отыр, - делінген ақпаратта.

Сыртқы істер министрлігі Иордания мен Израиль билігіне, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, тығырыққа тірелген Газада тәртіпсіздік белең ала бастады.

Соңғы жаңалықтар