Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында 2 қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазіргі таңда Джакартада (Индонезия) семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында 2 қола медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды.

Айбар Қайым қылыштасудан 3-орын алды. Сондай-ақ семсерлесуден қыздар арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды. 

Ел намысын Дарья Самоделкина, Сабина Серикова, Полина Лесовская және Арина Наместникова қорғады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер Германиядағы әлем кубогы кезеңінде алтыншы орын алғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум