Қазақстандық сейсмологтер Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 16 сәуірде Астана уақытымен сағат 04:14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының баспасөз қызметі.

Жер сілкінісі
Фото: Depositphotos.com / Belish

Жер сілкінісінің координаттары: 36.600 с.е., 70.460 ш.б.

Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 920 шақырым жерде орналасқан. 

Сезілуі (балмен) туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Тәжікстанда магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болғанын жазған болатынбыз. 

Еске сала кетсек, 13 сәуірде еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді. 

Соңғы жаңалықтар