Қазақстандық сейсмологтар Батыс Сібірдің оңтүстігінде жер сілкінісін тіркеді
АСТАНА.KAZINFORM - Сейсмологтар бүгін Ресейдің Новосібір облысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 16 шілдеде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5:34-те (GMT бойынша таңғы сағат 00:34) Ресейде тіркелді.
Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 54,54 градус, шығыс бойлық бойынша 83,55 градус. Магнитудасы mb=4,5. Энергетикалық класы K=10,8.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген еді.
Тәжікстанда 5,3 балдық жер сілкінісі болды.