10:17, 19 Ақпан 2024 | GMT +5
Қазақстандық сейсмологтер Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді
АСТАНА. KAZINFORM - 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 605 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1. Магнитудасы MPV 4.7.
Эпицентр координаттары – 41.98 с.е., 84.08 ш.б. Тереңдігі – 10 км.
Қазақстан аумағында сезілу туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.