Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманова халықаралық турнирде «қола» алды

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманова «Qatar Open» халықаралық турнирінде әйелдер арасында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform.

шахмат
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ол халықаралық спорт шеберінің бірінші, әйелдер гроссмейстерінің екінші нормасын орындады.

16 жастағы спортшы биыл әйелдер арасында шахматтан командалық әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, ол 2018 жылы 11 жастағы қыздар арасында өткен оқушылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз болды.

2022 жылы ФИДЕ-нің халықаралық деңгейде шебері атанды.

Айта кетсек, шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде алды.

Құрама сапында Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрманова, Меруерт Камалиденова және Динара Сәдуақасова ел намысын қорғады.